365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Депутаттар Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы аясында Есеп комитетіне барды

  • 257
Депутаттар Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы аясында Есеп комитетіне барды

Депутаттар мемлекеттік қызметкерлермен кездесіп, Елбасының 5 әлеуметтік бастамасын түсіндіру жұмыстарын жалғастырып келеді.

Осы жолы мәжілісмендер Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталығында болды. Отандық экономикада қаржылық тәртіптің дамуы мен азаматтар әл-ауқатының өсуін көздейтін парламентарийлер ел активтерін жіті бақылау жүйесін жетілдіру мәселесіне тоқталды. Сондай-ақ кездесу барысында экономистер мен қаржыгерлер салық жүйесіндегі өзгерістерді талдау, қызметкерлердің біліктілігін арттыру сынды мәселелерді талқылады.

Ерсұлтан Бектұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Қаржы министрлігінің кеден саласындағы, сонан кейін салық саласындағы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша істеліп жатқан істерін көріп, ол жерде қандай жаңалықтар бар, сол мекемелердің қызметкерлерімен кездесіп, Елбасының 5 әлеуметтік бастамасын жеткізіп, оның үстіне олардың ұсыныстарын тыңдап қайттық.

Осы категория бойынша: « Сарапшы: Трамп пен Путин кездесуінен кейін оқыс өзгерістер болады деп ойламаймын Үкіметтің жобалық басқару жүйесі: Б.Сағынтаев Астананы және Атырау облысын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы