369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Женевада Сирия конституциялық комиссиясын құру туралы кеңес өтеді

  • 152
  • UPD: 19:46, 31.07.2018

БҰҰ-ның арнайы өкілі Стаффан де Мистура қыркүйек айының басында Женевада Ресей, Иран және Түркия өкілдерімен Сирия конституциялық комиссиясын құру туралы кеңес өткізуді көздеп отыр.

Бұл туралы да Мистураның баспасөз қызметі мәлімдеді. Дипломат Сочидегі Сирия бойынша Х келіссөзден бөлек кепілгер-мемлекеттер өкілдерімен кездесу өткізді. Астана процесі аясындағы Сирия бойынша Х халықаралық келіссөздер екітарапты және үшжақты кездесулер форматында өтіп жатыр. Оппозиция Түркия және Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдерімен жеке келіссөздер жүргізген еді. Ал бүгін сириялық оппозиционерлер ресейлік тараппен келіссөздерге кірісті.

Айта кетейік, Астана процесінің тоғыз кездесуінің сегізіне қатысқан АҚШ тарапы бұл жолы кездесуге келуден бас тартты. Барлық жиындар баспасөз құралдары үшін жабық түрде өтіп жатыр. Келіссөзде басты назар Сирия конституциялық комиссиясының құрылуына бөлінген. Оны құру шешімі осыдан жарты жыл бұрын Сочиде өткен Сирия ұлттық диалогының конгресінде қабылданған еді. БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Стаффан де Мистура кепілгер-елдермен осы тақырыпта келіссөз жүргізу тиімді болатындығын жеткізді. Басқосудағы тағы бір маңызды тақырып – сириялық босқындарды еліне қайтару. Ресей тарапының есебі бойынша, сириялық босқындардың жалпы саны – 6 млн 700 мың адам. Олардың басым бөлігі көршілес елдерге қоныстанған. Үш жарым миллионы – Түркияда, миллионнан астамы Ливанда және тағы бір миллионы Иорданияда. Қалғаны Еуропа мемлекеттерінде бас сауғалап жүр. Ең бастысы, босқындарды еліне қайтару үдерісі ерікті түрде өтуі тиіс. Жиынның қорытындысы бойынша осы мәселелер бойынша ортақ шешім қабылданбақ.

Авторлары: Дана Нұржан, Александр Любителев

Осы категория бойынша: « Қ.Әбдірахманов пен Р.Мередов Каспий саммитіне дайындық барысын талқылады Палестина Сыртқы істер және экс-патрианттар министрі Астанаға алғаш рет ресми сапармен келді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы