374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астана процесінің Х раунды аяқталды

  • 146
  • UPD: 23:04, 31.07.2018

Бұл жолғы Сирия бойынша келіссөздер Сочи қаласында өтті.

Кепіл-мемлекеттер Сирия қақтығысы кезінде ұсталғандарды босатуды ұсынды. Жалпы, келіссөздер екітарапты және үшжақты кездесулер форматында өтті. Оппозиция Ресей, Түркия және Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдерімен жеке келіссөздер жүргізді. 

Айта кетейік, Астана процесінің тоғыз кездесуінің сегізіне қатысқан АҚШ тарапы бұл жолы кездесуге келген жоқ. Қатысушылар Сириядағы келісімге келу үдерісін ұзартуды, конституциялық комиссияның құрылуын және қамалғандарды босату туралы пікір алмасты. Сондай-ақ босқындарды еліне қайтару мәселесі көтерілген болатын. Ресей тарапының есебі бойынша, сириялық босқындардың жалпы саны – 6 млн 700 мың адам. 

Александр Лаврентьев, РФ Президентінің Сирия бойынша арнайы өкілі:

- Алдағы маңызды іс – таяу күндерібосқындарды ерікті түрде Сириядағы өз үйлеріне қайтару үшін қолайлы жағдай жасау. Тараптар Сириямен жанжалдасқан елдер арасында сенімді нығайту мақсатында жұмыла жұмыс істейтін болады. Оның ішінде қақтығыс барысында тұтқындалған азаматтарды босату, қайтыс болғандардың денесін еліне қайтару және із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру жұмыстары атқарылмақ.

Осы категория бойынша: « Палестина Сыртқы істер және экс-патрианттар министрі Астанаға алғаш рет ресми сапармен келді Еліміз Үндістанмен экономика және кино саласындағы әріптестікті талқылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы