374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Г.Әбдіқалықова Иранның ҚР-дағы Төтенше және өкілетті елшісімен кездесті

  • 119
  • UPD: 14:52, 08.08.2018
Г.Әбдіқалықова Иранның ҚР-дағы Төтенше және өкілетті елшісімен кездесті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі М.Дамирчилумен кездесті.

Мемлекеттік хатшы екі ел көшбасшыларының тығыз әрі өзара сенімге негізделген диалогының арқасында Қазақстан мен Иран арасындағы қарым-қатынастар жаңа сапалы деңгейге көтерілгенін, сондай-ақ мемлекеттер басшыларының кезекті кездесуі осы аптада 5-ші Каспий саммиті аясында өтетінін айтты.

– Біз Иранмен сауда-экономикалық ынтымақтастығымызды кеңейтуге және нығайтуға зор мән береміз, – деді Г.Әбдіқалықова.

Мемлекеттік хатшы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылы Тегеран қаласына сапары аясында қабылданған Индустриялық-инновациялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының іске асырылу нәтижелеріне арнайы тоқталды. Ол ауыл шаруашылығы, транзит және логистика, жер қойнауын пайдалану және өнеркәсіп сияқты салаларды қамтитын, құны 1,38 миллиард доллар болатын 48 жобадан тұрады.

– 2018 жылғы қаңтар-мамыр аралығындағы сауда айналымы 251,4 миллион долларға жетті. Бұл көрсеткіш былтырдың осы кезеңімен салыстырғанда (177,4 миллион) 41,7 пайызға жоғары. Экспорт 36,1 пайызға өсіп, 207,2 миллион долларға артса, импорт 76 пайызға ұлғайып, 44,2 миилион доллар болды, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Мемлекеттік хатшы Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран арасында еркін сауда аймағын жасауға ықпал ететін уақытша келісімге қол қойылғанын атап өтті. Ол преференциялық сауда режімін орнатуға бағытталған және Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық құқық нормаларына сай негізделген. Бұл Қазақстан мен Иран арасындағы өзара сауда-саттықтың тұрақты шарттары мен ережелерін қалыптастырады.

– Біз транзиттік-тасымалдау, ауыл шаруашылығы, сонымен қатар жер қойнауын пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін зор мүмкіндік бар екенін көріп отырмыз, – деді Г.Әбдіқалықова.

Кездесу соңында Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова еліміздегі дипломатиялық миссиясын аяқтағалы отырған Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі М.Дамирчилуге достас мемлекеттер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосқаны үшін ризашылығын білдіріп, жаңа лауазымдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Ақпарат көзі: Ақорданың баспасөз қызметі

Осы категория бойынша: « Каспийдің құқықтық мәртебесі анықталады Ұлттық бюрода 9 департаменттің басшылары ауысты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы