364,44 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы Шымкенттен сенаторларды сайлау күнін тағайындады

  • 169
  • UPD: 19:15, 09.08.2018
Мемлекет басшысы Шымкенттен сенаторларды сайлау күнін тағайындады

Елбасы Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 2) тармақшасына, 50-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 69-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 129-бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. 2018 жылғы 5 қазанға  Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау тағайындалсын.
  2. Дауыс берудi өткiзу, сайлау қорытындыларын және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн айқындау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 129-бабына сәйкес жүзеге асырылатын болып белгіленсін.
  3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Шымкент қаласының әкімі Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын.
  4. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

             Президенті                                                                  Н.Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 9 тамыз

Ақпарат көзі: Ақорданың баспасөз қызметі

Осы категория бойынша: « 12 тамыз күні Ақтауда Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі бекітіледі Сарапшылар: Каспий маңы елдері ымыраға келуі үшін олардың теңізбен шектес шекарасы ескерілуі қажет »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы