365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Президенттер Каспий теңізіне бекіре шабақтарын жіберді

  • 282
  • UPD: 22:01, 12.08.2018

Бүгін алқалы саммите бас қосқан мемлекет басшылары Ақтаудағы жаңа жағалауды аралады.

Екі шақырымға созылған демалыс орнының құрылыс жұмыстары қыркүйек айында толығымен аяқталады. Тағы да 17 мың шаршы метр аумаққа тас төселмек. Бүгінде қарт Каспий бес елге де ризық-несібесін аямай-ақ беріп келеді. Достық теңізіне айналған айдынға бүгін ел басшылары бекіре шабақтарын жіберді. Бұл, біріншіден, теңіздің 5 мемлекеттің қамқорлығында екенін меңзейді. Екіншіден, бекіре тұқымдас балықтарды қорғауға бағытталған. Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі самитте бұл балықтың әлемдік деңгейдегі 90 пайыз қоры Каспий теңізінде екенін атап өткен болатын. Енді бестік бекірені қорғауға басымдық бермек.

Осы категория бойынша: « Биыл елімізде 634 мың жұмыс орыны ашылып, 21 мың азамат кәсіби білім ошақтарына оқуға жіберіледі Үкімет басшысы Б.Сағынтаев жұмыс сапарымен Алматы облысына барды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы