369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемдік БАҚ Ақтау саммитінде қабылданған конвенцияның маңыздылығын атады

  • 250
  • UPD: 09:00, 13.08.2018

Ақтау саммиті Каспий маңы елдері арасындағы қарым-қатынастың дамуында маңызды қадам.

Әлемдегі халықаралық ірі ақпараттық агенттіктің бірі Reuters осылай деп жазды. Мақалада V Каспий саммиті теңіздің болашағы үшін маңызды рөл атқарады делінген. Сондай-ақ кездесу қорытындысы бойынша қол жеткен Каспий мәртебесін растайтын конвенция күрмеуі қиын мәселелердің шешімін табуға көмек беретіндігі айтылған.

Ал 28 тілде хабар тарататын Radio Liberty Халықаралық үкіметтік емес ұйымы конвенцияның маңыздылығын ерекше атады. Ақпарат агенттігінің мәлімдеуінше, Каспий теңізінің мәртебесін нақты айқындау елдер арасындағы серіктестіктің жаңа деңгейге көтерілуіне сеп. Сондай-ақ түрлі саладағы ынтымақтастық үшін қолайлы жағдай туғызады.

Қытайлық «Синьхуа» ақпараттық агенттігі де саммитке баса назар аударған. Алқалы жиының маңыздылығына жан-жақты тоқталған мақалада кездесу барысында қол қойылған үкіметаралық келісімдерге басымдық берілген. Дәл осы құжаттар Каспий экономикасының түрлі салалар бойынша дамуында ортақ стратегияға қол жеткізуге мүмкіндік беретіндігі айтылады. Сондай-ақ тасымалдауды жүзеге асыру кезінде технологиялық және әкімшілік үдерістердің жүзеге асуына көмек беретіндігі атап өтілген.

Авторы: Жансұлу Дүйсенәлі

Осы категория бойынша: « Бесінші Каспий саммитінің коммюникесі жарияланды Даниал Ахметов Өскемен әкіміне жұмыстан өз еркімен кетуді ұсынды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы