374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҰҰ Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны құптайды

  • 205
  • UPD: 09:52, 14.08.2018

БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерреш Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жайлы конвенцияның қабылдануын құптады.

Бас хатшы тарихи құжаттың халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуда орны ерек екенін атап өтті. Ол маңызды қадам жасаған бес мемлекеттің басшыларын шын жүректен құттықтап, табыс тіледі. Гутеррештің пікірінше, конвенция арқылы сонау Кеңес заманынан қордаланып келе жатқан түйткілдердің шешімін тауып, арадағы кей күдіктер сейіледі.

Естеріңізге салайық, Бесінші Каспий саммитінің қорытындысында бес мемлекеттің басшылары Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойды.

Осы категория бойынша: « Каспий конвенциясы аймақтағы қауіпсіздікті сақтауға ықпал етеді Ш.Куреши: Каспийдің құқықтық мәртебесін айқындаған құжат бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда өте өзекті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы