365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҰҰ Бас хатшысы Каспий конвенциясына қол қойған елдерді құттықтады

  • 145
  • UPD: 16:50, 14.08.2018
БҰҰ Бас хатшысы Каспий конвенциясына қол қойған елдерді құттықтады news.tut.by

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қоюын құптайды.

Бұл туралы мәлімдемені Біріккен ұлттар ұйымының хатшылығы таратты.

«Бұл тарихи құжат халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аса маңызды болып табылатын өңірлік ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсетеді», – деп айтылған хабарламада.

БҰҰ Бас хатшысы конвенцияның Каспий теңізі жағалауы елдері арасындағы ұзақмерзімді проблемалардың кең ауқымын реттейтін жетпес рөл атқаруы тиіс деп санайды және өңірлік шиеленіс азайтуда маңызды қадам болып табылады.

Антониу Гутерриш, сондай-ақ, конвенцияға қол қойған барлық елдерді өңірлік ынтымақтастық пен көпжақты дипломатияның ерекше мәні бар жетістіктерімен құттықтады.

Осы категория бойынша: « Ш.Куреши: Каспийдің құқықтық мәртебесін айқындаған құжат бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда өте өзекті Келесі жылы Каспий жағалауы елдерінің жүк тасымалы екі есеге артады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы