364,44 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Каспий конвенциясы инвесторларға зор мүмкіндік ашпақ

  • 190
  • UPD: 22:03, 14.08.2018

«Ақтау саммитінде қол жеткен келісім ірі инвестициялық жобаларға жол ашпақ», - дейді экономика ғылымдарының докторы Рахман Алшанов.

Оның айтуынша, Каспий теңізі маңындағы бес мемлекет енді теңіздің әлеуетін құқықтық негізде тиімді пайдаланбақ. Әрі сенімді инвестициялық климат өңірдің экономикасын дамытудың бірден бір жолы.

Рахман Алшанов, Экономика ғылымдарының докторы:

Өңірлік экономикалық келісімдер маңызды, ерекше орын алады. Қазақстан мен Иран арасындағы тауарайналым жақсы дамып келе жатыр. Қарқыны өте жоғары. Басқа елдерге Иран арқылы жіберетін болсақ, теміржол салынды ғой, Түркіменстан арқылы Иранға баратын жолдар, ол Үндістанға, Африкаға баратын жолдар, Эмиратқа баратын жолдар, бұл бізге, жүк таситын елге керек. Біз ұн жібереміз, бидай жібереміз, жем жібереміз, арпа, металл, цемент жібереміз дегендей. Сондықтан бізге маңыздысы осы керек дүниелер.

Осы категория бойынша: « Сарапшы: Бұл келісім ынтымақтастықтың жаңа әрі тиімді кезеңі болары сөзсіз Каспий конвенциясы теңіздегі қақтығыстардың алдын алуға себеп болады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы