374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Каспий конвенциясы теңіздегі қақтығыстардың алдын алуға себеп болады

  • 137
  • UPD: 11:29, 15.08.2018
Каспий конвенциясы теңіздегі қақтығыстардың алдын алуға себеп болады

Каспийдің құқықтық мәртебесі жөніндегі Конвенцияға қол қою көп күттірген айтулы шара болды.

Енді ол қауіпсіздік, тұрақтылық, теңіздегі қарулы қақтығыстардың алдын алуға сеп болады. Сондай-ақ бес ел арасындағы сауда-экономика, көлік-логистика салаларындағы байланысты нығайта түседі екен.

Янис Адамсонс, Латвия парламентінің депутаты:

- Негізінде барлық теңіздердің құқықтық мәртебесін айқындау үшін Конвенцияны қабылдаған жөн. Әскери қақтығыстардың туындау қаупін азайту үшін ішкі теңіздерге қатысты құжаттар қабылдануы керек. Егер Балтық теңізіне де осындай құжат қабылданып жатса, мен қуанар едім. 

Людмила Прибыльская, публицист:

- Каспий теңізі үшін бұл тарихи оқиға. Оған Балтық жағалауы арқылы қарайтын болсақ, жүкті Еуропадан Үндістанға, Иранға жеткізу мүмкіндігі пайда болады. Үнді мұхитына балама. Бұл келісім біраз олқылықтарды шешуге сеп болады. Демек, Еуропа үшін де үлкен нарық болмақ. Бұл ретте ескі пікірден айнып, жаңаша көзқарас таныту маңызды.

Осы категория бойынша: « Каспий конвенциясы инвесторларға зор мүмкіндік ашпақ Елбасы Италия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы