368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ширин Акинер: Каспий конвенциясы бес елдің құқықтары мен міндеттемелерін айқындайды

  • 140
  • UPD: 14:07, 16.08.2018

Каспий маңы мемлекеттерінің Ақтау қаласында өткен саммиті кемел келешектің көкжиегіне жол ашты.

Конвенция бес елдің құқықтары мен міндеттемелерін айқындап, аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етпек және оның өркендеуіне жағдай жасамақ. Бұл – Кембридж университетінің аға қызметкері Ширин Акинердің пікірі. Бес мемлекет бейбіт түрде бір мәмілеге келді. Нәтижесінде су айдынын бірлесіп игеруге мүмкіндік алды. «Ал бұл – үлкен жетістік», – дейді ғалым. Ширин Акинердің пайымдауынша, бұл құжаттың тағы бір артықшылығы, Каспий маңы мемлекеттерінің қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, терроризмге ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес күшейетін болады.

Ширин Акинер, Кембридж университетінің аға қызметкері:

- Кейбір адамдар келісім жасауға 20 жылдан астам уақыт жұмсалды деуі мүмкін. Бірақ ол жемісін әкелді. Тарихы, дәстүрі, географиясы бөлек, амбициялары бар 5 түрлі мемлекеттің бірігулері қажет болды. Ең бастысы, олардың барлығы да разы болулары қажет еді. Менің ойымша, енді алға жылжуға барлық алғышарттар жасалып отыр.

Осы категория бойынша: « Р.Назаров: Каспий конвенциясы – Қазақстанның әлемдік деңгейдегі атқарған жұмыстарының тағы бір жетістігі Мемлекет басшысы оқушы кезін еске алды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы