364,44 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Андрей Бузаров: Каспий конвенциясының басым бағыты – қауіпсіздік

  • 198
  • UPD: 15:26, 16.08.2018

Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы конвенция ең алдымен теңіз қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында қызмет атқаратын болады.

Сондай-ақ Каспий маңы мемлекеттерінің транзиттік әлеуеті мен көлік инфрақұрылымы саласындағы жұмысы жақын уақытта жемісін береді. Бұл туралы халықаралық саяси-құқықтық саланың тәуелсіз сарапшысы Андрей Бузаров арнамыздың Украина еліндегі меншікті тілшісі Аида Қыдырбайға берген эксклюзивті сұхбаты кезінде мәлімдеді. Маманның саяси болжамы бойынша, Ақтау саммиті аясында қабылданған тарихи құжат қауіпсіздік және басы ашық тұрған бірқатар мәселені шешу үшін мемлекеттер арасындағы өзара тиімді әрі пәрменді ынтымақтастық орнатуға сеп болмақ.

Андрей Бузаров, халықаралық саяси-құқықтық саланың тәуелсіз сарапшысы:

- Теңіз қауіпсіздігіне қатысты сұрақ ең көп талқыланған бағыт болды деп ойлаймын. Өйткені қауіпсіздік бес ел үшін де өте өзекті, алайда Иран мен РФ үшін бұл мәселенің орны тым бөлек. Ақтау саммиті аясында Иран президенті Хасан Рухани, мәселен, конвенция аясында Каспий маңы мемлекеттерінен бөлек теңізде еш елдің әскери базасы орналаспауы тиіс деген талап қойды. Осыған сәйкес тарихи құжатта бұл мәселе қамтылған және осынау келісімді сақтауға кепілдік береді.

Сондай-ақ Андрей Бузаров қабылданған құжаттың тиімді нәтижесі көп күттірмейді деп саяси болжам жасайды.

Андрей Бузаров, халықаралық саяси-құқықтық саланың тәуелсіз сарапшысы:

- Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның жемісті жұмысы көп күттірмейді. Туризм, көліктік инфрақұрылым, бес елдің өзара сауда байланысы қарқын алып, ең алдымен Қазақстан пайдасын көреді деп ойлаймын. Неге десеңіздер, Қазақстанның Каспий маңында Ақтау порты бар. Бұл порттың Қазақстан заңы бойынша арнайы мәртебесі белгіленген және бұл аймақ еркін сауда айналымы деп есептеледі. Сондай-ақ саммит аясында Каспий маңы мемлекеттерінің басшылары виза, құжат алу, көлік тасымалы сияқты саланы жеңілдету мәселесін қараған еді. Мұндай жұмыстар жақын болашақта оң нәтижесін көрсетеді деп ойлаймын.

Халықаралық саяси және құқық саласының тәуелсіз сарапшысы, заңгер Андрей Бузаровпен болған әңгіменің толық нұсқасын арнамыздан кешкі сағат 19:20-да болатын «Сұхбат» бағдарламасынан көре аласыздар.

Осы категория бойынша: « Мемлекет басшысы оқушы кезін еске алды Ақтау саммитінде 7 құжатқа қол қойылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы