374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанадағы Индонезия елшілігінде тәуелсіздік күні тойланды

  • 279
  • UPD: 15:41, 17.08.2018

Бүгін Индонезия халқы ел тәуелсіздігін тойлап жатыр.

Осыған орай мемлекеттің Астанадағы елшілігінде салтанатты түрде ту көтеру рәсімі өтті. Оған Қазақстанда жүрген Индонезия азаматтары және еліміздің Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қатысты. Тәуелсіздік күніне орай елшілік қызметкерлері Индонезия әнұранын шырқап, Президенттің құттықтау хатын оқыды. Сондай-ақ Джоко Видодоның бұйрығымен Серік Қарымсақов Индонезияның Алматыдағы құрметті консулы болып қайта сайланды. Салтанатты шараның ресми бөлімі Тумпэн деп аталатын ұлттық тамақты кесумен аяқталды.

Айта кету керек, Индонезия өз тәуелсіздігін 1945 жылы Жапониядан алды.

Рахмат Прамоно, Индонезия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі:

- Бүгін Индонезия халқы ел тәуелсізідігінің 73 жылдығын тойлап жатыр. Сондай-ақ биыл Қазақстанмен дипломатиялық байланыс орнатқанымызға 25 жыл толады. Содан бері қос мемлекет арасындағы экономикалық, саяси-мәдени және әлеуметтік ынтымақтастық артып келеді. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 52 миллион АҚШ долларын құрады. Біз бұл көрсеткішті одан әрі көбейтуге ниеттіміз. Бүгінде біздің инвесорлар мұнай және қазба байлықтарын өндіру саласында жұмыс істеп жатыр. Фармацевтикаға қызығушылық танытып отырған кәсіпкерлеріміз де бар.

Осы категория бойынша: « Латвиялық сарапшылар: Каспий конвенциясы әлемдік маңызға ие Конвенция Каспийдің экологиялық мәселелерін шешуге жол ашады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы