367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшылар: Каспий әлемдегі ең қауіпсіз су қоймасы болады

  • 198
  • UPD: 22:01, 18.08.2018

Каспийдің мәртебесін айқындайтын конвенция аймақтың экономикалық тұрғыда дамуына жол ашады.

Жаңа еркін экономикалық аймақ құруға мүмкіндік беріп, өңірдің кірісін артырады. Әзербайжандық сарапшылар осылай дейді. Сондай-ақ олар Каспий маңы елдері серіктестігінің ерекшелігіне тоқталды.

Вугар Байрамов, экономист:

- Каспий конвенциясына қол – қою тарихи оқиға. Сондай-ақ құжат Каспий маңы елдеріне экономикалық өсім әкелері сөзсіз. Бес елде де жүк тасмалының көлемі артпақ. Әсіресе келісімнен Қазақстан мен Әзербайжанға пайда түспек. Себебі екі елдің де көлік инфрақұрылымы жақсы дамыған.

Айдын Гусейнов, Парламент депутаты:

- Каспий мәртебесін анықтау бойынша қол жеткізілген келісім көп мемлекетке үлгі болды. Себебі бұл – тек өңір үшін ғана емес, әлем үшін маңызды оқиға. Құжат әр мемлекеттің ұстанымын құрметтей отырып, ортақ келісімге қол жеткізуге болатындығын көрсетті. Енді түрлі жобалар жүзеге асары сөзсіз. Ең бастысы, Каспий әлемдегі ең қауіпсіз су қоймасы болады.

Осы категория бойынша: « Г.Әбдіқалықова Бұқар жыраудың 350 жылдық мерейтойына арналған шараға қатысты Нұрсұлтан Назарбаев: Президент болып тумайды, президент болып қалыптасады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы