368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте «Нұр Отан» партиясын жаңғыртуға бағытталған ұйымдардың форумы өтіп жатыр

  • 334
  • UPD: 19:48, 22.08.2018

Шымкентте «Нұр Отан» партиясын жаңғыртуға бағытталған бастауыш ұйымдардың аймақтық форумы өтіп жатыр.

Бұл жиынға Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облысынан өкілдер келді. 228 партияластың басын қосқан форумда бастауыш партия ұйымдары қызметін жандардыру тұжырымдамасы талқыланды. Сонымен қатар цифрландыруды жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті қолдау, үш тілділік, мемлекеттік жастар саясаты сөз болды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы 22 жаңа партиялық жобаларды іске асыру тәсілдері де талқыға түсті. Форумда бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына «цифрлық партия» жобасы түсіндірілді.

Тамара Дүйсенова, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

- Бізде партия мүшелерінің базасы бар. Сол база бойынша тек ғана ол азаматтардың ақпараты бар кімдер екені. Енді айтып отырмыз осы база арқылы әрбір партияның мүшесі партияның қандай құжаттары дайындалды, ол құжаттар жөнінде біз өз пікірімізді қалай жеткізе аламыз. Партия мүшелерімен орталық, облыстық, аудандық партия филиалдары арасында қандай қарым-қатынас болу керек, осы мәселені қарастырдық, бұл өте дұрыс мәселе. Себебі әрбір қабылдаған партияның документін әрбір біздің партия мүшелері білуі керек немесе өздерінің ұсыныстарын жеткізуі керек.

Осы категория бойынша: « Каспийдегі 5 ел браконьерлікпен бірігіп күреседі Сеулде Орталық Азия және Корея Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы