368,46 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Айдос Сарым Дархан Кәлетаевтың кеңесшісі болып тағайындалды

  • 173
  • UPD: 10:19, 27.08.2018
Айдос Сарым Дархан Кәлетаевтың кеңесшісі болып тағайындалды

Танымал саясаттанушы, мемлекеттік және қоғам қайраткері Айдос Сарым ҚР Қоғамдық даму министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

Айдос Сарым 1975 жылы 10 қыркүйекте туған. 1992 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «тарих» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Ол әр жылдары ҚР Мұрағаттар мен құжаттамалар бас басқармасының бас инспекторы, кеңесшісі, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері, Атырау облысы Ішкі саясат департаментінің директоры, ҚР Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі, «Ақ жол» партиясының баспасөз-хатшысы, кеңесшісі, «Нағыз Ақ жол» партиясы тең төрағасының кеңесшісі, «Жас Алаш» газеті бас редакторының орынбасары, ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кеңесшісі қызметтерін атқарды.

 

Осы категория бойынша: « Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде терроризмге қарсы күресу жолдарын ұсынды Виктор Темірбаев Қазақстанның Литвадағы Елшісі қызметіне тағайындалды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы