374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Діни форумға әзірлік барысы пысықталды

  • 175
  • UPD: 22:22, 27.08.2018

Астанада өтетін әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының сьезіне 74 делегат қатысатынын растады.

Бүгін Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев діни форумға әзірлік жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді. Айта кетейік, жиын «Діни көшбасшылар қауіпсіз әлем жолында» тақырыбымен өтеді. VI съезд аясында Бейбітшілік пен келісім мұражайы ашылады және «Астана – бейбітшілік дауысы» халықаралық фестивалі өтеді. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік комиссия мүшелеріне бірқатар тапсырма берді. Сенат төрағасы іс-шараны ұйымдастырудың жоғары деңгейін және оның ақпараттық қолдауын қамтамасыз ету қажеттілігіне назар аудартты.

Осы категория бойынша: « Виктор Темірбаев Қазақстанның Литвадағы Елшісі қызметіне тағайындалды Г.Әбдіқалықова Конституция күніне арналған ғылыми-практикалық конференцияға қатысты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы