374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бас прокуратурада ГФР сарапшыларымен жұмыс кеңесі өтті

  • 120
  • UPD: 15:52, 28.08.2018
Бас прокуратурада ГФР сарапшыларымен жұмыс кеңесі өтті today.kz

Бас прокуратурада Жоғарғы сот судьяларының, Бас прокуратураның, құқық қорғау органдары мен арнайы органдар жеке құрамының ГФР-дан келген сарапшылармен жұмыс кеңесі ұйымдастырылды.

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлайды.

Оған Германия тарапынан Гессен жер сотының президенті Вильгельм Вольф, Франкфурт қаласының Бас прокуроры Альберт Шрайбер, Гессен жер сотының бұрынғы Бас прокуроры Ханс-Йозеф Блумензатт және Франкфурт қаласы полициясының бұрынғы президенті Ахим Тиль, Висмар қаласындағы институттың ғылыми қызметкері Дмитрий Олейник қатысты.

Д.Олейник герман процесінің негізгі жағдайы туралы баяндама жасады. Ол сондай-ақ қылмыстық істерді тергеуді ұйымдастыру жөнінде, полицияның нақтылы деректерді жинауы, оларға прокуратураның құқықтық баға беріп, барлық процестік шешімдер қабылдайтыны туралы айтып берді.

Сондай ақ кеңес қатысушыларын тергеу амалдарын жүргізудің ерекшеліктері, оларды санкциялау, бұлтартпау шараларын таңдау, ведомство және сот бақылауы туралы мәселелер қызықтырды.

Талқылау барысында сарапшылар Германия мен Қазақстанның қылмыстық процесін салыстыра келіп, екі елдің де заңнамаларына енгізілуі мүмкін жекелеген институттарға назар аударды.

Сонымен қатар германдық әріптестер құқық қорғау қызметін цифрландыру саласындағы нәтижелермен, оның ішінде тергеу жүргізумен және соттардың қылмыстық істерді электрондық форматта қарауымен таныстырылды.

Осы категория бойынша: « Г.Әбдіқалықова Конституция күніне арналған ғылыми-практикалық конференцияға қатысты Қ.Тоқаев Ядролық сынаққа тыйым салу шарты ұйымының конференциясына қатысушыларды қабылдады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы