368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Адлан Маргоев: Ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартқан Қазақстанның бастамалары аса құнды

  • 166
  • UPD: 10:25, 29.08.2018

Ядролық қаруға қарсы конференция ерекше маңызға ие.

Астанада өтетін жиынға ресейлік сарапшылар осылай деп пікір білдіріп жатыр. Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа 183 мемлекет қол қойды, бірақ АҚШ, Қытай, Мысыр, Иран және Израиль сияқты елдер әлі шартты бекіткен жоқ. Корей Халық Демократиялық Республикасы, Үндістан және Пәкістан болса әлі келісімге қол қоймады. Мәскеуде «Ядролық бақылау» сараптамалық бюллетенін шығаратын орталық сарапшыларының айтуынша, Астана конференциясы осы келісімшартты насихаттауға мүмкіндік бермек. Журналдың редакторы Адлан Маргоевтың айтуынша, ядролық саладағы шиеленіс әлі де жоғары. Сондықтан ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартқан Қазақстанның бастамалары аса құнды.

29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні. 1991 жылы дәл осы күні Семей полигоны ресми түрде жабылған болатын. Ал аталған шарт бүкіл әлемнің қауіпсіздігі үшін аса қажет.

Адлан Маргоев, «Ресей және ядроны таратпау» орталығының бағдарлама директоры:

-  Сынақ алаңдарын жабу туралы шешімді осындай полигондары бар елдер қабылдауы қажет. Ол жалғасын табуы тиіс. Барлық полигондар жабылған кезде ғана ядролық қаруды сынауға мүмкіндік болмайды. Сонда ғана ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт толықтай өз күшіне енеді. Ортаазиялық жойқын қарудан азат аймақ туралы шартты да Қазақстан қолдады. Осы бағытта сіздердің елдеріңіз батыл қадамдарға барып, нақты іс-қимылдар жасағанын атап өткім келеді.

Осы категория бойынша: « Астанадағы АӨСШК-нің штаб-пәтерінде жаңа мәжіліс залы ашылды Елордада ядролық қауіпсіздік тақырыбы талқыланып жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы