365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада ядролық қауіпсіздік тақырыбы талқыланып жатыр

  • 166
  • UPD: 13:26, 29.08.2018

БҰҰ Бас ассамблеясы алғаш рет ядролық сынақтарға қарсы жоғары деңгейде кездесу өткізеді.

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан халықаралық конференцияда белгілі болды. Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың айтуынша, басқосу Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ұйымдастырылғалы отыр және ол 6 қыркүйекке жоспарланған. Астанадағы жиын қатысушылары ядролық сынақтан қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Одан кейін зұлмат қарудың салдарымен күрес талқыланып, одан бас тартпай отырған елдерге үндеу жолданды. Бүкіл адамзатты ядролық қарусыз әлемге шақыратын құжаттарға қол қойылды.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Бүгін біз Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен БҰҰ Бас ассамблеясы жария еткен 29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күнінде бас қосып отырмыз. Қазақстан үшін бұл күннің нышандық мәні бар. Бұл күн ядролық сынақтардың қасіретті салдарын еске алу үшін ғана емес, сонымен бірге пікірлес мемлекеттердің, азаматтық қоғам өкілдері мен жекелеген тұлғалардың күш-жігерін ярдолық қауіп-қатерден азат болашақ құру мақсатына топтастырады.

Осы категория бойынша: « Адлан Маргоев: Ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартқан Қазақстанның бастамалары аса құнды Қазақстан Мьянма үкіметін рохинджа-мұсылмандардың проблемаларын шешуге шақырды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы