365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Гюнтер Кнабе: Семей полигонын жабу маңызды шешім болды

  • 148
  • UPD: 15:25, 30.08.2018
Гюнтер Кнабе: Семей полигонын жабу маңызды шешім болды

29 тамыз әлемдік қауымдастық үшін айтулы күн. Халықаралық Ядролық сынақтарға қарсы күні неміс сарапшылары Семей полигоны жабылған күнді еске алды.

Орталық Азия елдері бойынша сарапшы Гюнтер Кнабенің пікірінше, жаппай қырып-жою қаруын таратпау ісінде Германия мен Қазақстанның мақсаты ортақ. Ал Семей сынақ алаңының жабылуы бейбітшілік пен қарусызданудың символына айналды.    

Гюнтер Кнабе, Орталық Азия бойынша сарапшы:

- Семей полигонын жабу - Нұрсұлтан Назарбаев қабылдаған маңызды шешімдердің бірі. Президентті осы үшін де сыйлаймын. Қазақстан - қазір әлемдік қауымдастық үшін осы тұрғыдан алып қарағанда өзгелерге жол көрсетуші мемлекет. Сондықтан бұл дерек сіздерге атомдық сынақтарға қарсы халықаралық бастамалар көтеруге мүмкіндік береді. Өкінішке орай, көптеген саясаткерлер сөзден ары аса алмай отыр.

Осы категория бойынша: « Сарапшы: Конституциядағы өзгертулер халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған Ташкентте Қазақстан-Өзбекстан СІМ-аралық консультациялар өткізілді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы