374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ташкентте Қазақстан-Өзбекстан СІМ-аралық консультациялар өткізілді

  • 192
Ташкентте Қазақстан-Өзбекстан СІМ-аралық консультациялар өткізілді mfa.gov.kz

2018 жылғы 29 тамызда Ташкентте Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өтті.

Қазақстандық делегацияны ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев, Өзбекстан делегациясын ӨР Сыртқы істер министрінің орынбасары Дилшод Ахатов басқарды.

Консультациялар барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің 2017 жылғы өзара мемлекеттік сапарлары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударлыды.

Саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды. Өңірлік және халықаралық күн тәртібінің түрлі аспектілері талқыланды.

«Қазақстан Өзбекстанды бауырлас мемлекет, жақсы көрші, Орталық Азиядағы негізгі саяси және экономикалық әріптес ретінде қарастырады. Мемлекет басшысы өңірлік ынтымақтастыққа ерекше мән береді, онда Өзбекстан ерекше орын алады», - деді Ғ. Қойшыбаев. 2020 жылға дейін өзара саудада 5 млрд. долларға жету бойынша екі елдің Президенттері қойған мақсатқа жету үшін сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, жаңа өнімдер бойынша экспортты және импортты арттыру қажеттілігі атап өтілді.

Өзбек дипломаты бүгінгі таңда Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығы барлық салаларда жоғары қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. «Біз әлемдік аренадағы Қазақстанның жетістігімен мақтан тұтамыз, сіздің қолдауыңыз жоғары бағаланады және біз барлық екіжақты мәселелер бойынша ықпалдастығымызды кеңейтуге дайынбыз. Өзбекстан Қазақстанмен қарым-қатынасты дамытуға басымдық береді», - деді Д.Ахатов.

Келіссөздер барысында тараптар екі елдің мемлекеттік органдарына экономиканың перспективалық секторларында ірі бірлескен жобаларды іске асырудың мүмкіндіктерін зерделеуді жалғастыруды ұсыну жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.

Өзбекстанның Қазақстандағы ағымдағы жылы аясында бірқатар іс-шаралардың сәтті өткені атап өтілді. 2019 жылы алдағы Қазақстанның Өзбекстандағы жылына дайындық барысы талқыланды.

Сондай-ақ 2018 жылғы 15 наурызда Астана қаласында өткен Орталық Азия мемлекеттер басшыларының жұмыс (консультативтік) кездесуінің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтар тұрғысында ықпалдастықтың өңірлік аспектілері талқыланды.

Қазақстан делегациясының басшысы өзбек тарапына консультациялар ұйымдастырудың жоғары деңгейіне ризашылығын білдірді және өзбек әріптесін Астанаға сыртқы істер министрліктері арасындағы екіжақты диалогты жалғастыру үшін шақырды.

Ақпарат көзі: mfa.gov.kz

Осы категория бойынша: « Гюнтер Кнабе: Семей полигонын жабу маңызды шешім болды И.Григуле: Ядролық қаруы бар мемлекеттермен келісу оңай емес »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы