365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҰҰ ҚК назары Конгоға ауды

  • 175
  • UPD: 17:32, 02.09.2018

Конго Демократиялық Республикасы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің назарын қайта аударды.

Өңірде ашаршылық, жауыздық пен қарулы қақтығыс өршіп тұр. Желтоқсан айында елде президент және заң шығарушы ұйым мүшелерінің сайлауы өтуі тиіс. Халықаралық қауымдастық сол саяси доданың ың-шыңсыз өтуіне мүдделі. Қауіпсіздің кеңесінің отырысында Конго Демократиялық Республикасының арнайы өкілі Лейла Зерруги елдегі жағдайға алаңдаушылық білдірді. Бас хатшы Антониу Гутеррештің айтуынша, Африка құрлығындағы ең үлкен аумақты алып жатқан бұл елдің ахуалы қазір әлем бойынша ең нашары. Мұнда 2 миллионнан астам бала ашқұрсақ жүр. 5 миллионға жуық адам өзге елге өтіп кеткен.

Қайрат Омаров, ҚР БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі:

- Бұл жалпыұлттық процесс елдің саясаты мен егемендігіне, әрі бірлігі мен аумақтық тұтастығына нұқсан келтірмеуі тиіс. Сайлауға әйелдер де қатыса алады. Қауіпсіздік мәселесіне де қатысты тиісті шаралар қолға алынуы керек. Өйткені бұл елдің тұрақтылығына оң әсер етеді.

Осы категория бойынша: « Қ.Әбдірахманов Түркі кеңесі СІМ кеңесінің отырысына қатысты Әсет Ирғалиев Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы