369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әсет Ирғалиев Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

  • 351
  • UPD: 16:42, 03.09.2018
Әсет Ирғалиев Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды © economy.kz

Әсет Ирғалиев ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды.

Бұл туралы министрліктің баспасөз хатшысы Самал Ибраева Facebook желісінде жазды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Тимур Сүлейменов министрлік ұжымына жаңадан тағайындалған вице-министр Әсет Ирғалиевті таныстырды», - деп жазды баспасөз хатшысы.

Оның кандидатурасын таныстыра келіп, Тимур Сүлейменов жаңа орынбасардың алдында халықаралық экономикалық интеграция және халықаралық ынтымақтастық, сауда және сыртқы сауда қызметі мәселесіне жетекшілік ету тұрғанын хабарлады.

Министр жаңа орынбасардың жинақтаған тәжірибесін, білімі мен кәсіби дағдысын қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін қолданатындығына сенім білдірді.

Әсет Ирғалиев Қазақстандық менеджмент, экономика және болжамдау институтының (КИМЭП) мемлекеттік саясат экономика саласында бакалавр дәрежесінде үздік тәмәмдады (Алматы, Қазақстан). Халықаралық Йонкопинг бизнес мектебін халықаралық экономика саласында ғылым бакалавры дәрежесімен (Jönköping University, Швеция), Йорк университетін экономикадағы ғылым магистрі дәрежесімен (University of York, Ұлыбритания), Ноттингем университетін экономикадағы философия магистрі дәрежесімен (The University of Nottingham, Ұлыбритания) аяқтады.

Әсет Ирғалиев Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің PhD докторы дәрежесін иемденген (Лондон, Ұлыбритания).

Еңбек жолын Лондондағы Еуропалық даму және қайта құру банкінің (ЕДҚБ) Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия бойынша экономика департаментінің аумақтық экономисті ретінде бастаған.

2013 жылғы қаңтардан бастап 2016 жылғы маусым аралығында «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Кәсіпкерлікті дамыту орталығының директоры, басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасы лауазымдарын атқарған.

2016 жылғы желтоқсаннан бастап 2017 жылғы шілде айына дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі болып қызмет істеген.

2017 жылғы тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің Жобалауды басқару орталығында жұмыс істеді.

Вице-министр қызметіне тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің Жобалауды басқару орталығының меңгерушісі лауазымын атқарды.

Осы категория бойынша: « БҰҰ ҚК назары Конгоға ауды Сарапшы: Түркі тілдес елдердің ынтымақтастық кеңесіне мүше болуының маңызы зор »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы