370,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шолпан атадағы кездесу түркі дүниесіндегі жаңа дәуірдің бастауы болмақ

  • 182
  • UPD: 22:55, 03.09.2018

Өйткені онда туыс елдер әлемдегі геоэкономикалық ахуал мен халықаралық қауіпсіздік мәселесін шешу жолдарын айқындады. Өзбекстандық сарапшылар пікірі осындай.

Батыс пен Шығысты байланыстырып отырған Қазақстан «Астана» халықаралық қаржы ұйымын құру арқылы түркі әлеміне тағы бір жаңа технологиялық жобаны ұсынып отыр. Ендігі жерде тек сол мүмкіндікті ұтымды пайдалана білуіміз керек. Оңтүстіктегі көршілер осылай дейді.

Түркі кеңесінде  Қазақ көшбасшысы  ұсынған «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметі Өзбекстан үшін тиімді, дейді ғалымдар. Өйткені оңтүстіктегі көршілеріміз дәл қазіргі уақытта ішкі нарыққа танымал инвесторларды тарту мен қаржы құрылымдарын әкелуге күш салып жатыр.  Осы жағынан алып қарағанда бұл ұйымның берері мол, дейді  мамандар.

Абдулхай Сабиров, филология ғылымдарының докторы:

- Өзбекстан Президенті Астанадағы қаржы ұйымының жұмысын жоғары бағалап өтті. Осы тұрғыдан сауда-саттық пен инвестиция тарту бойынша жасалған мүмкіндіктерге тоқталды. Өзбекстан тарапынан толық қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Бұл Қазақстан мен Өзбекстан арасын  одан әрі бекемдете түседі. 

Биылғы жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы транзиттік көлік нөпірі 65 пайызға артқан. Логистикалық мүмкіндікті одан әрі жақсарту мақсатында екі ел бірлесіп жол картасын жасап шықты. Соның негізінде шекарадағы өткізу бекеттері толықтай құрылымдаудан өтіп жатыр. Жұмыс аяқталса тәулігіне ары-бері 400 ге жуық ауыр жүк көліктері өткізілетін болады. Бұған дейін Шығыс пен Батысты жалғап отырған Қазақстан енді  Ақтаудағы «Құрық» порты арқылы өзгелерге теңізге шығуға жол ашты.

Шерзод Зиёев, саясаттанушы:

- Өзбекстан Орталық Азия елдерінің орталығында орналасқан. Біздің ел Қазақстанмен байланысын арттыру арқылы  батыс нарығына басқа да елдерге өз өнімдерін жөнелтіп жатыр. Алып Қытай және Кавказ елдерінің нарығына, сонымен бірге теңізге жол ашылады. Енді түркі жұрты өз алдына көліктік инфрақұрылымды жақсартып, тасымалды жолға қойса онда экономика артады. Әлемде жаңа  бір белдеуде орналасқан түркі тілдес елдердің өзара нарығы мен транзиттік дәліз пайда болады  деген ойдамын.

Қанат Жүнісбеков, тілші:

- Кеңесте Түркі әлемі жастарының іскерлік байланыс жақсарту мәселесі де сөз болды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл бастамасын Өзбекстандық жастар қызу қолдап отыр. Өйткені бұл бауырлас елдер арасындағы тіл мен мәдениеттің дамуына негіз болады дейді. Өзбекстан халқының 30 пайызын құрайтын жастар болашақта Түркі жұрты жастарының одағын құруды ұсынды.

Навруз Рахимов, жастар ұйымының жетекшісі:

- Бұл ұсыныс бауырлас халықтар мен жастар арасында үзіліп қалған байланысты қайта жандандыруға негіз болып отыр. Соның арқасында жастар әлемдік үрдістен хабардар болып, оны шешу жолында бірлікте жұмыс жасауына негіз болады. Біздердің саяси белсенділігімізді арттыруға үлкен мүмкіндіктер береді. Бір сөзбен айтқанда Түркі жастарын бір арнаға тоғыстырады. 

Авторлары: Қанат Жүнісбеков, Зафар Халилов

Осы категория бойынша: « Түркі елдері ынтымақтастық кеңесінің VI саммиті. Сарапшы пікірі Қ.Тоқаев Қытайдың әскери кеңесі төрағасының орынбасарымен аймақтық қауіпсіздік мәселелерін талқылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы