367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркітілдес елдері ынтымақтастық кеңесінің ауқымы кеңеюі мүмкін

  • 270
  • UPD: 22:29, 04.09.2018

Түркітілдес елдерінің мақсаты бір, мүддесі ортақ.

Ол – бірлесе әрекет ету. Мәдени құндылықтары ұқсас осы мемлекеттерге енді экономикадағы өзара байланысын бекемдеу қажет. Бішкекте өткен Түркітілдес елдер ынтымақтастық кеңесінің нәтижелерін Әзербайжан сарапшылары осылай бағалап отыр.

Түркітілдес мемлекет басшыларының Бішкекте кездесуі осы елдердің етене араласуындағы кезекті кезеңі іспетті. Осыған дейінгі саммитерде кеңес экономикалық, көлік тасымалы, туристік және ақпаратттық мәселелерді қарастырған болатын. Бұл жолғы кездесудің күн тәртібі жастар саясаты және мәдени саладағы өзара әрекеттесуді қамтыған. Әзербайжан сарапшыларының пікірінше, болашаққа бағытталған осы тақырыптар түркітілдес өзге мемлекеттерді кеңес жұмысына қатысуға ынталандырады.  

Эльман Насиров, Әзербайжан парламентінің депутаты:

– Алтыншы саммите қарастырылған жастар саясаты болашаққа бағытталған. Мұның маңызы зор. Өйткені өскелең ұрпақ елдерін алға жетелеп, байланыстардың нығаюын жалғастырады. Ал Өзбекстан мен Түрікменстанға келетін болсақ, осы кезге дейін олар Түркі кеңесінің жұмысын тек сырттай аңдумен келді. Алайда Өзбекстан бақылаушы ел ретінде саммитке қатысқанын көріп тұрмыз. Бұл осы түркітілдес елдің жаңа басшылығы бірлесу үрдісіне оң қабақ танытқанын  білдіреді. Болашақта Өзбекстан мен Түрікменстанның осы іске қосылуы саяси жағынан да, экономикалық тұрғыдан да елеулі оқиға болатын түрі бар. Бакуде өтетін келесі саммит кеңейтілген құрамда өтуі әбден мүмкін.

Түркітілдес елдер сауда-экономикалық жобаларға ерекше ыждаһаттылық танытып отыр. Осы тұрғыда жүк тасымалын артырып, мемлекетаралық көлік дәлізі ретінде өз орнын айшықтай білген Қазақстан, Әзербайжан мен Түркияны үлгі ретінде келтіруге болады. Сарапшылардың пікірінше, Каспий теңізінің мәртебесін айқындау Түрікменстан, Өзбекстан мен Қырғызстанның осындай жобаларға белсенді араласуына түрткі болуы ықтимал.

Эльхан Шахиноглу, «Атлас» зерттеу орталығының жетекшісі:

– Түркітілдес елдер кеңесінің мақсаты – бірлесу. Бішкектегі шараға Венгрия премьер-министрінің қатысуы осыны анық аңғартты. Олар да өздерін түркі әлемінің бір бөлігі ретінде санайды. Ал Каспий мәртебесін айқындау түркітілдес мемлекеттер үшін жақсы мүмкіндіктерді ашты. Өзбекстан мен Түрікменстан кеңеске мүше емес. Бірақ бұл елдер Каспий арқылы жүк пен жанармай тасымалдауға аса қызығушылық білдіріп отыр.

Бішкек саммитінің қорытындысы бойынша ұйым жұмысының бүкіл бағыттары жазылған бірлескен қарар қабылданды.

Авторлары: Шафаг Алиева, Айгюн Гасан

Осы категория бойынша: « Қ.Тоқаев Қытайдың әскери кеңесі төрағасының орынбасарымен аймақтық қауіпсіздік мәселелерін талқылады БҰҰ: Ауғанстанның дамуына Қазақстанның қосып отырған үлесі зор »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы