364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҰҰ: Ауғанстанның дамуына Қазақстанның қосып отырған үлесі зор

  • 255
  • UPD: 15:46, 05.09.2018

Ауғанстанның бейбітшілік заманда дамуында Қазақстанның ролі зор. Елордадағы аймақтық конференцияға келген БҰҰ-ның өкілдері осындай пікірде.

Басқосу Ауғанстандағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында өткізіліп отыр. Айта кетейік, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде төрағалық етуі барысында, 8 жыл ішінде алғаш рет кеңес мүшелерінің Ауғанстанға іс-сапары ұйымдастырылды. Бұдан басқа, Қазақстан ауған еліне әрдайым гуманитарлық қолдау көрсетеді. Мектеп, аурухана және көпір құрылысында біршама көмек берілген. Ал, 2010 жылдан бастап Ауған азаматтарының білім алуына мың грант бөлінді.

Мария Ноэль Ваеза, БҰҰ Әйелдер бағдарламалық директоры:

- Қазақстан тарапы нәзік жандылардың тұрақтылық және бейбітшілік сақтау жолындағы рөлін жете түсінеді. Сіздердің елдеріңіз, ауғандық әйелдердің білім алуына барынша қолдау білдіріп жатыр. Бұл бағытта 50 миллион АҚШ доллары көлемінде қаражат бөлінді. Азаматшалардың Қазақстанға келіп, оқу оқып әрі қарай өз мемлекетіңде қызмет етуіне мүмкіндік бар.

Осы категория бойынша: « Түркітілдес елдері ынтымақтастық кеңесінің ауқымы кеңеюі мүмкін Сергей Коновалов ҚР Қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы