367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сергей Коновалов ҚР Қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

  • 173
  • UPD: 17:39, 05.09.2018
Сергей Коновалов ҚР Қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды primeminister.kz

ҚР Үкіметінің қаулысымен Сергей Коновалов ҚР қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды.

Сергей Коновалов 1976 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1998 жылы Семей мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы бастаған. 1998-2000 жылдары ҚР Ұлттық ғылым академиясының Философия және саясаттану институтының кіші ғылыми қызметкері және аға зертханашысы болып жұмыс істеген.

2000-2002 жылдары — ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ішкі саясат департаментінің бас маманы, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының бас сарапшысы қызметтерін атқарған.

2002-2008 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымында жұмыс істеген. Ішкі саясат бөлімінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, Ақпараттық-талдау орталығының бас инспекторы лауазымдарын атқарған.

2008-2016 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының кеңесшісі, сектор меңгерушісі.

2016-2018 жылдары — ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының сектор меңгерушісі.

2018 жылғы наурыз айынан қазіргі таңға дейін ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

Ақпарат көзі: ҚР Премьер-министрінің ресми сайты

Осы категория бойынша: « БҰҰ: Ауғанстанның дамуына Қазақстанның қосып отырған үлесі зор Ауғанстан әйелдерінің құқықтары мен мүмкіндіктерін дамыту үшін Астана декларациясы қабылданды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы