374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан Ауғанстанның бейбіт елге айналуына ерекше мүдделі

  • 207
  • UPD: 22:16, 05.09.2018

Бүгін елордадағы аймақтық конференцияға келген БҰҰ-ның өкілдері осындай пікір айтты.

Конференцияға сондай-ақ Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева да қатысты. Айта кетейік, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде төрағалық етуі барысында 8 жыл ішінде алғаш рет кеңес мүшелерінің Ауғанстанға іссапары ұйымдастырылып отыр. Сонымен қатар Қазақстан ауған еліне әрдайым гуманитарлық қолдау көрсетіп келеді. Әлеуметтік нысандар құрылысында біршама көмек берілген. Ал 2010 жылдан бастап ауған азаматтарының білім алуына мың грант бөлінді.

Золтан Салаи, Еуроодақтың Қазақстандағы өкілі:

- Бүгін керемет конференция ұйымдастырылды деп ойлаймын. Еуроодақ тарапынан да қосымша қаржыландыру жұмыстары ары қарай жалғаса бермек. Алдағы уақытта Еуроодақ, Қазақстан және Өзбекстан арасында құны 2 млн еуро болатын жобаны қолға алмақпыз. Бағдарлама Ауғанстан елінің қыздары мен әйелдерін оқытуға бағытталмақ.

Осы категория бойынша: « Ауғанстан әйелдерінің құқықтары мен мүмкіндіктерін дамыту үшін Астана декларациясы қабылданды Жоғарғы палата отырысында бірқатар құжат мақұлданды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы