365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да шекара күзеті мәселесіне арналған отырыс өтеді

  • 285
  • UPD: 21:48, 09.09.2018

Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері арнайы іс сапармен Шығыс Қазақстан облысына барды.

Комитет төрағасы Дариға Назарбаева бастаған топ Ұлттық Ұланның Шығыс өңірлік қолбасшылығында болды. Оған 7 әскери бөлім қарайды. Сенаторлар Өскемендегі қоғамдық қауіпсіздікті сақтау сапындағы 55/18 әскери бөлімінің жағдайымен танысты. Жауынгерлердің киім кешегі, қару-жарағы, техникасы басты назарға алынды. Депутаттар ертең мемлекеттік шекара күзеті мәселелеріне арналған көшпелі отырыс өткізеді.

Нұржан Нұрсипатов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: 

- Қазірде көрсеңіздер өздеріңіз жаңадан шығып жатқан қару жарақтың бәрі бізбе бар, бәрі біздің қарулы күштерде, содан кейін жағдайлары жақсарған, тұратын жерлерін көрдік, госпитальдары, емханаларын көрдік, бәрінде жағдай жасалған. Тек енді әскерилер Отан үшін қызмет ету керек.

Осы категория бойынша: « Суретші Кәріпбек Күйіков алғаш рет БҰҰ мінбесінен сөз сөйледі Әділбек Жақсыбеков ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы