366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түрік кеңесін жаңа реформа күтіп тұр

  • 132
  • UPD: 22:16, 17.09.2018
Түрік кеңесін жаңа реформа күтіп тұр

Интеграциялық бірлестікті оңтайландырып, оның жұмыс тиімділігін арттыру көзделген.

Бұл бастаманы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында өткен Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VI саммитінде көтерген еді. Енді бұл идеяны жүзеге асыру барысын бүгін Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен ұйымның Бас хатшысы Бағдат Әміреев талқылады. Халықаралық кеңестің тізгінін ұстаған дипломаттың айтуынша, түркі тілдес елдердің саясат, экономика, мәдениет, білім беру, спорт пен туризм салаларындағы рөлін арттыру жоспары бар.

Бағдат Әміреев, Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы

- Осы реформа бойынша арнайы шешім қабылданды. Самиттің ең маңызды құжаты осы. Осы шешім бойынша хатшылығын өз тұжырымдамасын дайындап жатыр. Ол дайын болғанда мүше елдерге оны таратып, бірлесіп, соңғы нұсқасын түрік елдерінің басшыларына ұсынамыз.

Хабар 24 телеарнасы