365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қайрат Әбдірахманов Гамбияның Сыртқы істер министрімен кездесті

  • 114
  • UPD: 15:21, 19.09.2018

Қазақстанға Гамбия Республикасының Сыртқы істер министрі Мамаду Тангара алғаш рет ресми сапармен келді.

Сонау Батыс Африка аймағынан жеткен мәртебелі мейманды еліміздің сала жетекшісі Қайрат Әбдіраxманов қабылдады. Жиын барысында тараптар өзара байланысты нығайту жолдарын талқылады. Әсіресе, интеграция, ұлтаралық татулықты сақтау мәселелері басымдыққа ие болды.

Айта кеткен жөн, Гамбия Қазақстанның түрлі xалықаралық ұйымдар аясындағы бастамаларына қолдау білдіріп жүрген мемлекеттердің бірі. Былтыр Астанада өткен EXPO көрмесіне де белсенді қатысты. Сондай-ақ Ислам ынтақтастық ұйымы елдері Сыртқы істер министрлерінің келесі саммиті осы мемлекетте өтеді.

Мамаду Тангара, Гамбия Республикасының Сыртқы істер министрі:

- Мен бұл аймаққа осымен төртінші мәрте келіп отырмын. Қазақстанға, сіздердің керемет астаналарыңызға алғаш рет сапарлап келгеніме аса қуаныштымын. Қазақстанның даму жолы көптеген Африка елдеріне үлгі. Сондықтан екіжақты байланысты барынша дамытуға тырысамыз. Ауқымды халықаралық шараларды ұйымдастыруда сіздердің тәжірибелеріңіз мол. Алдағы уақытта біз де Ислам ынтымақтастық ұйымы елдері Сыртқы істер министрлерінің саммитін жоғары деңгейде өткізуге тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы