366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы қоры мен Гои бейбітшілік қоры меморандумға қол қойды

  • 157
  • UPD: 15:38, 19.09.2018

Қазақстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастық арта түспек.

Тұңғыш Президент – Елбасы қорының директоры Дариға Назарбаева мен Гои бейбітшілік қорының президенті Хироо Сайонджи ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжат екі елдің барыс-келісін арттырып, мәдени-гуманитарлық  әріптестікті нығайтуға бағытталған. Кездесу «Ядролық қарусызданудағы қазақ-жапон ынтымақтастығы. Бір тағдыр, ортақ мақсат» тақырыбында өтетін халықаралық конференция аясында ұйымдастырылды. Хироо Сайонджи Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемде ядролық қарусыздандыру саласындағы еңбегінің ерекше екендігін және оны Күншығыс елінің халқы аса құрметтейттінін жеткізді. Ал Дариға Назарбаева Токиодағы музейге Семей полигонынан хабар беретін жәдігерлерді қоюға ұсыныс білдірді. Себебі Жапонияның Хиросима мен Нагасаки қалалары да ядролық жарылыстың зардабын шекккен. Елбасы қоры Гои бейбітшілік қорына Алтын адамның көшірмесін сыйға тартты. Қонақтар елорданың көрікті жерлерімен танысып, Бейбітшілік қабырғасы мен Ұлттық музейінде болды.

Дариға Назарбаева, ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Қорының директоры:

Білім саласы, тарих саласы, ғылым саласы. Жастардың бір-біріне қарым-қатынасын дамыту, бірнеше жобалар арқылы. Жапония елімен қарым-қатынасты жақсарту деген әңгіме болды.

Хироо Сайонджи, Гои бейбітшілік қорының президенті:

Қазақстан да Жапония да атом бомбаларының кесірін әбден көрді. Сондықтан қос тағдырлас ел дүниежүзінде ядролық қарусыздандыру бастамасында өзгелелерге үлгі болуы тиіс. Жалпы адамзат ядролық қарудан өз еркімен бас тартуы қажет. Біз осы бағыттағы жұмыстарымызды жандандыратын боламыз. Ал меморандум сол жолдағы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Хабар 24 телеарнасы