360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-сессиясы: Қазақстан лаңкестіктен азат әлемге жету туралы тәртіп кодексін ұсынады

  • 194
  • UPD: 23:56, 19.09.2018

Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 73-сессиясы өтіп жатыр.

Басқосуға 193 мемлекеттен делегаттар келген. Сессия аясында белгілі саяси қайраткер Нельсон Манделаның құрметіне арналған Бейбітшілік саммиті өтпек. Сондай-ақ есірткімен күрес, туберкулез дертін жою және қауіпсіз миграция бойынша жаһандық келісімшартты жүзеге асыруға арналған жоғары деңгейдегі жиындар ұйымдастырылады. Қазақстан сессия аясында «Лаңкестіктен азат әлемге жету туралы» Кодекс жобасын таныстырмақ. Бұл құжат Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен әзірленген. Бұдан бөлек, БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілдігінде АҚШ-тың бизнес өкілдері бас қосады деген жоспар бар.

Қайрат Омаров, БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі:

– Алдағы сессияда Қазақстан делегациясы жұмысының басты тақырыптары бітімгершілік, қарусыздану мен ядролық қаруды таратпау, Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау, лаңкестік пен есірткіге қарсы күрес болмақ. Сондай-ақ тұрақты даму мәселелерін де қарастырамыз. Елбасының тапсырмасы бойынша, Қазақстан делегациясы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы күн тәртібіндегі негізгі сауалдарын талқылауға белсенді түрде қатысып отыр.

Хабар 24 телеарнасы