Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қ.Тоқаев: Заң шығаруда жүйелілік керек

  • 186
  • UPD: 15:34, 21.09.2018

Азаматтардың әл-ауқаты мемлекеттің заң шығару жүйесінің сапасына тікелей байланысты.

Сондықтан бұл процесске атүсті қарамау керек. Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет сағатында осылай деді. Айтуынша, елімізде әлі күнге дейін заң жобалау жұмысын жоспарлау деңгейі төмен. Парламент қабылдаған заң жобалары қайта қаралып, оған жиі өзгерістер енгізіледі екен. Сондай-ақ ол құқық қорғау мәселелеріне ерекше назар аудару қажеттігін ескертті. Тәртіп сақшыларының заңды дұрыс орындамауы және бұрмалауы халықтың сеніміне селкеу түсіреді, - дейді Сенат спикері .

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Бүгінгі жиынның тақырыбы аса өзекті. Заң шығару процесі, шын мәнінде одан әрі жетілдіруді талап етеді. Бұл жерде кәсіби тұрғыдан ашық талқылайтын мәселелер аз емес. Түптеп келгенде, азаматтардың әл-ауқаты мемлекеттің заң шығару жүйесінің сапасына тікелей байланысты. Елімізде қабылданып жатқан заңдардың сапасы қандай, олардың мазмұны Қазақстан азаматтарына түсінікті ме? Біз осы мәселелерді егжей-тегжейлі қарастыруымыз қажет.

Ал Әділет министрі еліміздің заң шығару процесіне Ұлыбритания тәжірибесін енгізуді ұсынды. Марат Бекетаевтың айтуынша, заң жобасы Парламентке енгізілгенге дейін алдын ала Жасыл кітап және Ақ кітап пайдаланылады. «Жасыл кітап  консультативтік сипаттағы құжат болады. Ал Ақ кітапта Үкіметтің нақты бір саладағы ұстанымы жазылады», - дейді ол.

Марат Бекетаев, ҚР Әділет министрі:

- Біздің заң шығару процесімізге осы тәжірибені енгізудің орындылығы тұрғысынан оны тереңірек зерделеуді ұсынып отырмыз. Егер біз ең үздік әлемдік практиканы тиімді енгізгіміз келсе, жаңа тәжірибені жылдам зерделеуге мүмкіндігіміз болуы қажет. Негізгі трендтер мен табысты тәжірибені зерделеу заң жобалау қызметінің маңызды элементі болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы