360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Андорра Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты арттыруды қалайды

  • 209
Андорра Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты арттыруды қалайды

Андорра князьдығы Қазақстанмен тығыз ынтымақтастық орнатуға мүдделі.

Осы елдің БҰҰ-дағы өкілі Вивес Элисенда осылай дейді. Оның айтуынша, қос мемлекет арасындағы байланысты кеңейту қажет. Айта кетейік, Франция мен Испания арасында орналасқан бұл шағын еуропалық мемлекет негізінен туризмнің арқасында дамып, гүлденіп отыр. Андорра аумағымен атақты «Вуэльта» веложарысы өтеді және мұндағы тұрғындар «Астана» командасының жеңістерінен жақсы хабардар.

Вивес Элисенда, Андорраның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі:

-Қазақстан мен Андорра арасында достық қарым-қатынас орнаған. Нью-Йорктегі біздің өкілдіктеріміздің де ынтымақтастығы тығыз. Бірақ біз сіздің елмен түрлі саладағы байланысымызды кеңейтуді қалаймыз. Қазақстанның ядролық қаруға қарсы бастамалары бізге үлкен әсер етті. Және Қазақстанның лаңкестікпен күрес жөніндегі кодексінің қабылдануын күтіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы