365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҰҰ Бас ассамблеясының 73-сессиясы бастау алды

  • 138
  • UPD: 15:56, 24.09.2018
БҰҰ Бас ассамблеясының 73-сессиясы бастау алды

БҰҰ Бас ассамблеясы 73-сессиясының жұмысына 84 мемлекеттің басшысы мен 44 премьер-министр қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Онда жаһанда бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, адам құқықтары, гуманитарлық көмек, қарусыздану және халықаралық құқықты дамыту секілді салалардағы 175 сауал талқыланады. Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов бастап барды. Бүгін ол Таяу Шығыс бойынша форумда баяндама жасайды. Қатысушыларды Азиядағы Өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті құру, әлемдік дәстүрлі дін басшыларының жиыны, Сирия бойынша Астана процесі секілді Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары қызықтырып отыр. Сондай-ақ бүгін БҰҰ штаб-пәтерінде Нельсон Манделаның құрметіне ұйымдастырылған Бейбітшілік саммиті өтеді.

Хабар 24 телеарнасы