360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сингапурдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Қазақстанның күрделі жағдайларды шешудегі еңбегін бағалады

  • 196
  • UPD: 08:51, 25.09.2018

Қазақстан мен Сингапур арасындағы ынтымақтастық қатынастар дамып келеді.

Осы елдің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілі Бурхан Гафур екі елдің достығы тек нығая беретініне сенімді. Ол Қазақстанның халықаралық сахнадағы беделі мен әлемдегі күрделі жағдайларды шешудегі еліміздің еңбегін ерекше атады.

Бурхан Гафур, БҰҰ жанындағы Сингапурдың тұрақты өкілі:

– Қазақстан Орталық Азия аймағында маңызды рөл атқарып келеді. Сондай-ақ елдеріңіз Таяу Шығыс, мәселен, Сириядағы жағдайдан да тыс қалмай отыр. Бұл – тек өз аймақтарыңыз ғана емес, БҰҰ-ның жұмысына және бүкіл әлемнің қауіпсіздігіне қосып отырған маңызды үлес. Қазақстан мен Сингапур арасындағы қалыптасқан достық қатынастарды ерекше атап өткім келеді. Екіжақты қарым-қатынасымыз берік. Тұңғыш премьер-министріміз Ли Куан Ю Қазақстанға талай рет барып, президенттеріңіз Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен болатын. Болашақта да бірлесіп көптеген жұмыс атқарып, халықаралық қауымдастықтың дамуына өз үлесімізді қосатынымызға нық сенімдімін.

Хабар 24 телеарнасы