365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері талқыланды

  • 144
  • UPD: 23:35, 26.09.2018
Ақордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері талқыланды

Елімізде жер қатынастары саласында 500-ге жуық сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл соңғы екі жарым жылдағы сандар. Ал білім беру жүйесінде мұндай заң бұзушылықтар одан да көп. Бүгін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен өткен комиссия отырысында осы мәселе күн тәртібіне шығарылып, оны шешу жолдары талқыланды. Жиында жер туралы заңнаманы орындау, жер берген кезде кезекті сақтау туралы көп ұсыныс айтылды.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

Өздеріңізге белгілі, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев барлық салаларда сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімділігін арттырудың маңыздылығына және тиісті алдын алу шараларын жүргізу қажеттілігіне баса назар аударып отыр.

Хабар 24 телеарнасы