366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы ТМД елдері басшыларының кеңесіне қатысу үшін Душанбеге барады

  • 173
  • UPD: 11:58, 27.09.2018

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ТМД мемлекет басшыларының кеңесіне қатысу үшін Душанбеге барады, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Елбасы кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырыстарына қатысып, бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланған. Жалпы, тәжірибеге сәйкес, жыл сайын ТМД елдері президенттерінің 1 ресми және 1 бейресми отырысы өтеді. Мұндай кеңес былтыр 11 қазанда Сочи қаласында өткен болатын. Сол жиында ұйымның төрағалық міндеті Тәжікстанға тапсырылған еді. Бір жыл бойы бұл қызметті мінсіз атқарып келген ресми Душанбе мемлекет басшыларын қарсы алуға қызу дайындалып жатыр. Биылғы жиынға Түрікменстан президенті келе алмайтыны белгілі болды, оның орнына елдің вице-премьері қатысады. Сондай-ақ бұл жолғы кеңеске Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян алғаш рет қатысқалы отыр. Кеңестің күн тәртібіне шығарылған сұрақтардың салмағы ауыр. Олардың арасында аймақ елдеріне ортақ саяси, экономикалық һәм мәдени-гуманитарлық мәселелер бар. Тәжікстандық сарапшылар талқыланатын мәселелер достастық үшін маңызды екенін айтады.

Рахмон Улмасов, экономика ғылымдарының докторы:

- Тәжікстан үшін мұндай жоғары мәртебелі меймандарды қарсы алу үлкен мәртебе. Бұл кеңестен күтеріміз көп. Біздің аймақ үшін әрқашан экономиканы дамыту маңызды, дегенмен түрлі қылмыс түрлерімен бірігіп күресу басты міндет болып қала бермек.

Хабар 24 телеарнасы