366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның сыртқы барлау қызметіне жаңа директор тағайындалды

  • 247
  • UPD: 20:52, 27.09.2018

Бүгін сондай-ақ «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің жаңа басшысы тағайындалды.

Бұл орынға осы қызметте директордың бірінші орынбасары болып жұмыс істеген Исатай Сартаев келді. Барлау қызметінің ұжымына жаңа басшыны және оның жаңа бірінші орынбасары Нұрлан Оразовты Мемлекет басшысының өзі таныстырды. Мұнан кейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес Исатай Сартаев ант қабылдады. Кездесу соңында Қазақстан Президенті жаңа басшылыққа сыртқы барлау қызметі жұмысының негізгі басымдықтары туралы айтып, бірқатар нақты тапсырма берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Өздеріңізге белгілі, бұрынғы «Сырбар» директоры Қауіпсіздік кеңесінің қатысушысы болып, Президенттің көмекшісі болып тағайындалды. Біріншіден, бұл «Сырбарға» деген үлкен сенім. Сендерге деген абырой. Барлық жағынан Президентке көмекші болады деген сөз. Сондықтан істеген шаруаға рахмет айтамыз. Жаңа жұмыста табыс тілейміз. Енді осыған байланысты Сыртқы барлау директоры болып бұрынғы жұмыс істеп жүрген Сартаев Исатай Бақтиярұлын тағайындауды ұйғардық. Бүгін мен осындай Жарлыққа қол қойдым. Сондықтан ол бірінші орынбасар лауазымынан босатылады. Бірінші орынбасар болып Оразов Нұрлан Оразұлы тағайындалады. Екеуің де жақсылап жұмыс істеңдер.

Хабар 24 телеарнасы