365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қайрат Әбдірахманов БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде сөз сөйледі

  • 192
  • UPD: 17:49, 27.09.2018
Қайрат Әбдірахманов БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде сөз сөйледі

Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде сөз сөйледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күн тәртібінде талқыланған басты тақырып – «Халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікті қолдау: жаппай қыру қаруын таратпау» болған.

Еске салсақ, еліміз биыл қаңтарда Қауіпсіздік кеңесінде төрағалық еткенде осы тақырыпты қозғаған еді. Сол кезде Президент Нұрсұлтан Назарбаев ядролық державаларды жойқын қарудан ада әлем үшін қозғалыста көш бастауға шақырған болатын. Бұл жөнінде еліміздің ұстанымын жариялаған Қайрат Әбдірахманов жаппай қыру қаруымен күресу үшін халықаралық құқық жүйесін күшейту қажеттігін айтты.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Президент Назарбаев ядролық қарудан бас тартқан мемлекеттерге осындай қаруға ие державалар жағынан заңмен міндеттелетін кепілдіктер жүйесін құруды ұсынған болатын. Бұл көп шығынды қажет етпейтін адал қадам болар еді. Елбасы осындай аймақтар арасында ынтымақтастықты нығайту үшін Астанада бұл жөнінде жоғары деңгейдегі кездесу ұйымдастыруды да ұсынған еді.

Хабар 24 телеарнасы