365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Душанбеде ТМД СІМ кеңесінің отырысы өтті

  • 143
  • UPD: 19:37, 27.09.2018
Душанбеде ТМД СІМ кеңесінің отырысы өтті

Бүгін Душанбеде ТМД СІМ кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ведомство басшылары 28 қыркүйекке жоспарланған мемлекет басшыларының жоғары деңгейдегі кеңесінде көтерілетін мәселелерді талқылады. Осы жиынға қатысу үшін Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Душанбеге ұшып барады деп жоспарланып отыр. Ертең президенттер әуелі шағын құрамда кездесіп, достастық елдері арасындағы байланысты бекемдеудің жолдарын талқылайды. Сондай-ақ ұйымның кезекті төрағасын бекітеді. Ал кеңейтілген құрамдағы отырыста тараптар 15 шақты құжатқа қол қояды деп күтілуде. Олардың арасында ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстармен бірігіп күресу туралы келісім мен ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу және пайдалану туралы халықаралық конвенция бар. Кеңес отырысынан бөлек Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар екіжақты кездесулер өткізбек.

Хабар 24 телеарнасы