360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшы: Каспий конвенциясы – еуразиялық интеграцияның жетістігі

  • 113
Сарапшы: Каспий конвенциясы – еуразиялық интеграцияның жетістігі

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындау – еуразиялық интеграцияның басты жетістігінің бірі.

Мұндай пікірді Ресей сауда өнеркәсіптік палатасында өткен Еуразия біздің үй халықаралық конференцияның қатысушылары білдірді. Шараның басты мақсаты – еуразиялық интеграция жобалары бойынша мәселелерді тиімді шешу үшін өзара диалог орнату. Басқосуға қатысушы делегациялар еуразиялық интеграцияның басты қайнар көзі тату көршілік, сенім және стратегиялық әріптестік екенін атап өтті. Еске сала кетейік, биыл тамыз айында Ақтау қаласында Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Түрікменстан және Иран Каспий теңізі бойынша конвенцияға қол қойды.

Тайыр Мансұров, саясаткер:

– Жақында ғана Ақтау қаласында конвенция қабылданған. 20 жылдан астам Ресей, Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Түрікменстан елдері жыл бойы осы конвенцияның жолын тауып, кездесу болған. Осының өзі еуразиялық интеграцияның ең үлкен жетістігі деп саналып отыр.

Хабар 24 телеарнасы