360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысы аяқталды

  • 114
  • UPD: 15:54, 28.09.2018

Душанбеде ТМД мемлекет басшылары кеңесінің қырық алтыншы отырысы аяқталды.

Президенттер әуелі шағын форматта бас қосып, өзара серіктестікті нығайтудың жолдарын пысықтады. Отырыс барысында Түрікменстан делегациясын бастап келген елдің вице-премьері Пурли Ағамырадов сөз алып, төрағалық міндетті сеніп тапсырғаны үшін мүше мемлекеттерге алғысын білдірді. Кеңейтілген кездесудің күн тәртібінде екі сұрақ қаралды. Бірі екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 75 жылдығына орай іс-шаралар жоспарын бекіту болса, екіншісі – ғарыш саласын бейбіт мақсатта зерттеу және пайдалану туралы мемлекетаралық конвенция. Тараптар қос құжатты да қолдады.

Хабар 24 телеарнасы