366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Каспийдің қауіпсіздігі басты назарда

  • 204
  • UPD: 15:18, 28.09.2018
Каспийдің қауіпсіздігі басты назарда

Бүгін елордада «XXI ғасырдағы Каспий: ынтымақтастық және қауіпсіздік» атты халықаралық бірінші конференция өтті.

Жиында теңіздің жер асты байлығын игеру, флора мен фаунасын сақтау, ортақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері сөз болды. Бес ел ішіндегі экономикалық, гуманитарлық қарым-қатынастарды тереңдетіп, өзара тәжірибемен алмасу мәселелері де талқыланды. Еске салсақ, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция осы жылдың 12  тамызында Ақтау қаласында қабылданған болатын. 

Нұрлан Ноғаев, Атырау облысының әкімі:

– Қазіргі таңда алдымызда әр мемлекеттің Каспий маңын мекендейтін жануарларды қорғау мәселесі тұр.

Василий Скольский, Қазақстанның Қолданбалы экология агенттігінің бас директоры:

– Каспий теңізіне баса назар аударамыз. Экологиялық тексеруді қатаң түрде мемлекеттік органдармен қарайтын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы