360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

А. Гуттериш Қазақстан атқарған жұмыстарға жоғары баға берді

  • 207
  • UPD: 18:11, 29.09.2018

Нью-Йоркте Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гуттериш кездесті.

Ұйым өкілі мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда Қазақстанның маңызды рөл атқаратынын басып айтты. Ол сондай-ақ еліміздің «Лаңкестіктен азат әлемге жету туралы» кодексін қолдайтынын білдірді. Гуттериштің айтуынша, Қазақстан БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде сүбелі үлес қосып келеді. Басқосуда Қайрат Әбдірахманов Каспий маңы елдерінің саммитінің қорытындысы туралы сөз етті. Гуттериш БҰҰ-ның Орталық Азия елдерінің серіктестігін нығайтуға көмектескенін жеткізді. Және ұйым басшысы Астананың сириялық шиеліністі шешуде атқарған қызметіне жоғары баға берді. 

Хабар 24 телеарнасы