360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйледі

  • 175
  • UPD: 09:44, 01.10.2018

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-сессиясында сөз сөйлеп, еліміздің халықаралық түйткілдерге қатысты позициясын айқындап берді.

Айтуынша, келіспеушіліктерді жойып, ұйымның қағидаттарына сай әрекет ету керек. «Әлемнің бірнеше елі, әсіресе Сирия мен Йемен халқы соғыстан көз ашпай келеді. Мәселені қантөгіспен шешуге болмайды», – деді Әбдірахманов. Сонымен қатар ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» манифесінде жазылғандай, Қазақстанның бейбітшілік қағидаттарын ұстанатынын алға тартты. Министр Президенттің ядролық қаруға қарсы бастамаларын тілге тиек етіп, азат аймақ құрудың маңыздылығына тоқталды.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

– 2050 жылға қарай Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына кіруді жоспарлап отыр. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауында Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында экономикалық дамудың жаңа моделін ұсынды. Бұл бастама индустрияландыру, агроөнеркәсіпте жаңа технологияны қолдану, көлік және логистикалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру және қаржы секторын жаңғыртуға бағытталған. Елбасы айтқандай, іске көшу керек. Ойымыз бен өмірімізді өзгертетін уақыт жетті.

Хабар 24 телеарнасы