365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Индонезия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

  • 267
  • UPD: 09:49, 01.10.2018

Мемлекет басшысы Индонезия Республикасының Президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Нұрсұлтан Назарбаев онда Индонезия Республикасының Сулавеси аралында болған жер сілкінісі мен цунами салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын айтып, «Достас Индонезия халқының орны толмас қайғысына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге және апат құрбандарының отбасылары мен туыстарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін», – деді.

Хабар 24 телеарнасы